Сарысуда жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы өтті

0 0

Бүгін Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиевтің төрағалығымен жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы өтті, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Бүгінгі таңда Сарысу ауданындағы 14 пен 29 жас аралығындағы жастар саны 9545. Бұл аудан халқының 21% пайызын құрайды. (Жаңатас қаласында жастардың саны 4869, ауылдық округтерде 4676).

Кеңес отырысында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Жадыра Жұмағұл, «Жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің директорының міндетін уақытша атқарушы Ильяс Домалақов, Жаңатас қаласының әкімі Дүйсенәлі Борсықов жастар саясатын іске асыру жөнінде, атқарылып жатқан жұмыстар, алдағы жоспарлар бойынша баяндама жасады.

Кеңес барысында өзекті мәселелер көтеріліп, аудан әкімі жастар болашағын қалыптастыру жөнінде бірқатар тапсырмалар берді. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, тәртіп пен тәрбиені күшейту, кәсіпке баулу, білім мен біліктілікті тиімді пайдалану керектігінеде тоқталып өтті.

Жастар ойларын ортаға салып, аудан басшысымен емін-еркін сұхбаттасты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.