Жамбыл облысында 134 мыңнан астам адам вакцина салдырды

0 0

Бүгінде Жамбылда СОVID-19 індетінің 9460 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдылық көрсеткіші 830,9 құрады. Пневмонияның – 4394 жағдайы тіркелген. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев айтты, — деп жазады “ZhambylNews” АА.

«Өткен тәулікте КВИ-дың 14 жағдайы (тәуліктің өсім 0,1%), пневмонияның 29 жағдайы (тәуліктің өсім 0,7%) тіркелді. Ал 8848 азамат сауығып шықты. КВИ-дан 85 өлім оқиғасы тіркелді. Қазіргі уақытта 1635 төсек орындық инфекциялық стационарларда – 398 науқас бар, яғни мекеме 24%-ға толды. Оның ішінде 47-сі жансақтау бөлімінде», — деді Ә.Қалиев.

Облыста 10 зертханада жалпы тәулігіне шамамен 2600-2800 ПТР зерттеу жүргізілуде. Жалпы облыс бойынша 22 АМСК ұйымдарында 42 егу пункттері бар, олардың ішінде 14 қалада, 28 аудандарда орналасқан.

Жамбыл облысына 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап Спутник V вакцинасының 1-ші компонентінің – 146650, 2-ші компонентінің – 89700 дозасы, отандық 4000 доза QazCovid-in (2000 адамға) және 60 000 доза (30 000 адамға) Hayat-Vax, 34 000 доза (17 мың адамға) Коронавак вакциналары жеткізілді.

Бүгінгі күнге барлығы – 134 182 адам вакцина салдырды, оның ішінде 14 739 — медицина қызметкерлері (11%), 22385 – білім беру ұйымдарының қызметкерлері (16,7%), 17088 — күш құрылымының мамандары (12,7%), 2873 – мемлекеттік қызметкерлер (2,1%), 2441 – студенттер (1,8%). Қалғандары өзге сала мен түрлі топтағы адамдар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.