Жамбылдықтар енді компьютерлік томографияның қызметін тегін ала алады

0 1

140 мыңнан астам қордайлықтың ұзақ жылдар бойы көтерген мәселесі түбегейлі шешімін тапты. Қордай аудандық орталық ауруханада заманауи, жоғары технологиялық 80 кесінді компьютерлік томографпен жабдықталған КТ кабинеті ашылды. Енді қордайлықтар үшін диагностикалық қызметті ауданнан шықпай-ақ алу мүмкіндігі туындап отыр, — деп хабарлайды “ZhambylNews” AA.

Аудан тұрғындары аталған қызметті міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында амбулаториялық деңгейде тегін ала алады. Яғни, жергілікті емханаға жүгініп, учаскелік дәрігерден компьютерлік томографияның тегін қызметіне жолдама ала алады.

Компьютерлік томография кабинетін ашу жобасын «Мейiрiм» медицина орталығы мемлекеттік-жекеменшік жобасы аясында Қордай аудандық орталық ауруханасымен бірлесіп қолға алған.

Айта кету керек, «Мейiрiм» медицина орталығы 20 жылдан астам медициналық қызмет ұсынып келеді. Бүгінде 3 халықаралық сапа менеджментінің сәйкестік сертификаты бар тәжірбиесі мол мекеме.

Алдағы уақытта ауылдық жерлердегі диагностикалық көмек жаңа деңгейге шығып, тиісінше медициналық жәрдемнің сапасы мен қолжетімділігі артатынындығына сенім мол.

Leave A Reply

Your email address will not be published.