Сарысуда кіші футбол алаңшасы пайдалануға берілді

0 7

Сарысу ауданындағы 4 және 6 шағын аудандарында кіші футбол алаңшасы қолданысқа берілді. Алаңшаның ашылуына аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев қатысып, көпшілік қуанышымен бөлісті, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

Жалпы жастардың уақытын тиімді пайдалану мақсатында Жаңатас қаласында 52 спорт нысаны қолжетімді.

2020 жылы 3 шағын ауданнан заманауи стрит воркаут құрылғысы орнатылған болатын.

2021 жылы әр шағын ауданнан 20 жаздық жаттығу құрылғыларының құрылыс жұмыстары жүргізілуде, қазіргі таңда 10 жаздық жаттығу құрылғысы қолданысқа берілді.


Сонымен қатар 6 кіші футбол алаңшаларының құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 4 және 6 шағын аудандардағы кіші футбол алаңшалары жастардың игілігіне берілді. Бұл өз кезегінде жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға септігін тигізбек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.