Талас ауданында алтын және күміс алқа иегерлері марапатталды

0 11

Талас ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек көпбалалы аналарды қабылдап, алтын алқа және күміс алқамен марапаттады, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Ат төбеліндей қазақ деген халықтың санын көбейтуге үлес қосып, Ұлы даланың жер жаһанда беделі мен берекесі артуына ықпал етер болашақ ұландарымыз бен қарлығаштарымызды дүниеге әкеліп, тәрбиелеп отырған аналар өздеріне лайықты марапатты мойынға тағынды. Дәл осы сәт әрбір ананың жүрегіне қуаныш ұялап, көңіліне медеу болып, еңбегіне алғыс алған кезі екені сөзсіз. Бұл – тек қана алғыстың алқасы емес, кеудедегі мақтаныш пен махаббаттың, ыстық ықыластың алқасы, қазақтың маңдайы жарқыраған ұрпағы көбейе берсін деген тілегі. Асыл аналарымыз арыстай ұлдарымыз бен ибалы да инабатты қыздарымызды жарық дүниеге әкеле берсін!

Шара барысында Қаратау қаласының тұрғыны Ұлжан Байжүнісова, Ойық ауылының тұрғыны Элмира Беркимбаеваға алтын алқа тағылса, Қаратау қаласының тұрғыны Әсел Кеңкөзова мен Нүргүл Иланова, Көшек батыр ауылының тұрғыны Нағима Дүйсенбиева, Қызыләуіт ауылының тұрғыны Гүлсара Смаилова күміс алқаны мойындарына тақты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.