Жамбыл ауданында бірде-бір тұрғыны коронавируспен ауырмаған ауыл анықталды

0
96

Пандемия басталғалы Ерназар ауылында коронавирустың бір де бір дерегі тіркелмеген. Бұл – індеттің алдын алу мақсатында жүйелі түрде жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесі. Мұнда жұқпалы дерттің етек алуына тосқауыл болу мақсатында ауылдық округтен құрылған шұғыл топты ауыл әкімі Мырзахан Әбдіқұлов бастап, тұрғындарға сақтық шараларының маңыздылығын әлі күнге дейін түсіндіруді күн тәртібінен түсірген емес.

Жалпы Ерназар ауылдық округіндегі 296 аулада 1697 адам тұрады. Әлеуметтің әлеуетін арттыру үшін айтарлықтай жұмыстар атқарылған. Оқушылар үшін білім ордасы, бүлдіршіндерге бөбекжай, дәрігерлік амбулатория, мәдениет үйі мен кітапхана жұмыс жасацды. Елді мекенде 75 шаруа қожалығы тіркелген болса, оларға 2471 гектар жер телімі берілген. Округ бойынша тұрғындардың меншігінде 1426 бас мүйізді ірі қара, 16768 бас қой-ешкі, 818 бас жылқы, 92 бас түйе, 2100 құс бар.

Ауылдағы дүкен, балабақша, мектеп, жергілікті әкімшіліктің алдында індеттен сақтану шаралары жазылған жаднамалар жапсырылған, ішіне ене кетсеңіз арнайы антисептик қойылған. Нысан иесі келушілерді бетпердесіз кіргізбейді, сауда жасамайды. Мұнда дүйім жұртшылық санитарлық талаптарға тастай екенін осы бір көріністен-ақ аңғаруға болады.

Ауыл әкімі Мырзахан Жақсылықұлының айтуынша, ең бастысы – тұрғындардың денсаулығы.

– Ауылда әлемхалықтарының қабырғасын қайыстырған жұқпалы аурумен ешбір тұрғын ауырған жоқ. Оның тіркелмеуі үшін күш салып, рейд шараларын өзім бастап ұйымдастырып жүрмін. Ауыл ақсақалдыры жиын өткізіп, шаңырақтарыңызда сақтық талаптарын сақтау қажеттін жиі айтамыз. Бұл індет тазалық сақталған жерлен «қашады» екен ғой. Ауылдағы «Әбдіхайым» мешітінде тәулігіне бес мәрте дыбыс ұлғайтқыштың көмегімен сақтыну шаралы айтылады. Учаскелік полиция инспекторының қызметтік көлігі де жарап тұр. Көліктегі дауыс көтеру құрылғысымен халық көп шоғырланатын орындарға бармау, бетперде режимін орындау, сондай-ақ үйлеріңізде сіздерге қымбат жандар тосып отқаны туралы айтылып, хабарлама жасалып тұрады. Көрнекі жерлердегі баннерге карантин талаптары жазылған үнпарақтарды жапсырдық. Ауылдағы Б.Кейкиев атындағы орта мектептің есігі карантин кезінде де жабылған жоқ. Жыл он екі ай оқушылар дәріс алып, білімін жетілдірді. Олардың саулығын қамтамасыз ет үшін дезинфекциялық тоннел орнатылып, бетперде режимінің сақталуын қатаң бақылауда ұстадық. Ауылдан қандай да бір сырқат белгілері анықталған болса, бірден дене қызуын өлшеп, дәрігерлермен бірге үйді-үйділерге жедел жетіп, тексеріс жүргіземіз. Бәлкім сақтық шараларына ауыл болып көңіл бөлгеннен болар, бұл індеттен аманбыз. Қазір індетке қарсы вакцинациялау шаралары да белсенді жүргізілуде. Тұрғындардың 336-сы екпе ектіріп, өз саулықтарын қамтамассыз еткен. Егер елімізде басқа да елді мекеннің тұрғындары осы біз айтқандай сақтанатын болса, аты жаман індет еш жуымайтынын айтқым келеді. Біздің тәжірибеміз – осы, – дейді ол.

Сондай-ақ ауыл 2018 жылы «Таза ауыл» номинациясын жеңіп алғанына қарағанда, мұнда тазалыққа баса мән берілетін көрінеді.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here