Тұрар Рысқұлов ауданында мониторингтік топ түсіндіру жұмыстарын жүргізуде

0 0

Тұрар Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары Ә.Терлікбаевтың жетекшілігімен мониторингтік топ аудан аумағында орналасқан кәсіпкерлік нысандарды аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізілді, — деп хабарлайды “ZhambylNews” АА.

Жұмыс барысында 7 шілде күні күшіне енген Жамбылоблысының Бас санитар дәрігері Б.Шиналиевтың облыс аумағындағы карантиндік шектеу шараларын қатаңдату туралы жаңа қаулы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Мобильді топ мүшелері аудандағы барлық тамақтану, сауда және қызмет көрсету орындарына барып, аталмыш құжатқа сәйкес тойлар, мерекелік іс-шаралар өткізуге тыйым салынғанын, себебі бұл қаулы Жамбыл облысы тұрғындары арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында жасалынып отырғанын түсіндірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.