Ерболат Садырқұлов тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдады

0 3

Тұрар Рысқұлов ауданының әкімі Ерболат Садырқұлов аудан тұрғындарының жеке өтініш-тілектері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Көгершін ауылында өткен қабылдауға ауыл тұрғындары белсене қатысып, өзекті сауалдарын жолдап, орамды ой-пікірлерін ортаға салды. Айталық, ауыл тұрғыны Қ.Биғазиев ауыз су мәселесін көтерсе, Г. Байшемирова мен Ж.Диханбаев ауылда Мәдениет үйін соғу және жастар айналысатын спорттық нысандар соғып беруін сұрап, осы мәселеге жіті көңіл бөлінсе екен деген тілегін білдіріп, мәселесінің де қиындық туғызып отырғандығын айтты.

Сонымен қатар, қабылдауға жазылған ауыл тұрғындары өзге де тұлғалар түрлі әлеуметтік мәселелерді көтерді. Дәлірек айтқанда, көше жарығы, Көгершін ауылдық амбулаториялық ғимараты ауыл тұрғындары үшін тар және ішінде толыққанды жағдай жасалынбағаны туралы, көше жолдарын жөндеу және «Жамбыл тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту жобасы» бойынша 2,5 % несие мәселелері бойынша қайырылып, тиісінше аудан әкімі тарапынан тұшымды жауаптар берілді. Сондай-ақ заңдылықтары түсіндіріліп аталған мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына тапсырмалар берілді. Қабылдауға келген ауыл тұрғындары өз ризашылықтарын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.

Айта кетейік, аудан әкімінің қоғамдық қабылдауы алдағы уақытта басқа да ауылдық округтерде де жалғасын таппақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.