Жамбыл облысында түлектер 40 жылдан кейін бас қосты

0 155

Тараз қаласында Октябрь революциясының 50 жылдығы атындағы Жамбыл педагогикалық институтының қазіргі М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 1981 жылғы түлектерінің 40 жылдан кейінгі кездесу кеші өтті, — деп хабарлайды “ZhambylNews” AA.

Араға 40 жыл салып сағыныса жүздескен «Физика-математика» мамандығының түлектері сол кездегі топ кураторы, түлектердің үлкен өміріне жолдама берген ғалым, педагог Алтынбек Наурызбаевпен кездесіп, студенттік естеліктерімен, ұстаздан алған білімдерінің арқасында жеткен жетістіктерімен бөлісті.

1977-1981 жылдар аралығында «Физика-математика» факультетінде физика бөлімінде 5 ұл 20 қыз кәсіби білім алған. Бүгінде солардың әрқайсысы білікті маман.

Қымбат естеліктерімен бөліскен топ кураторы Парат Сауытбеков 40 жыл бойы білім саласында қызмет жасап, соның 30 жылында директорлық қызметті абыроймен атқарған.

— Институт бітіргеннен кейін бір-бірімізбен байланысты үзіп алдық. Міне, бүгін 40 жылдан кейін кездесіп отырмыз. Қарап отырсам, бізге үлкен болып көрінетін кураторымыз сол кезде небәрі 37 жаста екен. Ұстазымызды көргенімізге қуаныштымыз. Көп өзгерістер орын алған, қала өскен, көркейген. Біз оқыған институт бүгінде университет болды. Бұл да үлкен жетістік,- дейді топ кураторы.

Талантты ұстаздың шәкірті де талапты болары анық. Аталған білім ордасын 1981 жылы қызыл аттесататпен тәмдаған студенттің бірі Айгерім Әуелбаева.

— 1981 жылы 2 шілде күні ректор Ғани Сайденнің қолынан қызыл диплом алдым. Содан бері 39 жыл ұстаздық қызмет атқардым. Ірілі-ұсақты еңбегімді отаныма арнадым. Соңғы 22 жылда Жамбыл ауданы Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектепте қызмет жасап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы медальімен зейнетке шықтым, — дейді Айгерім Шамбайқызы.

Бүгінде 40 жыл бұрынғы бойжеткен қыздар ақ жаулықты әжелерлерге, ержеткен ұлдар ұлағатты аталарға айналған.

Кездесу барысында түлектердің студенттік кезеңдегі әзіл-қалжың аралас әңгімелері ортаны қыздырып, ізгі тілектер легі жүректерді нұрландыра түсті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.