Игілік ауылдық округінде қысқы мал азығын дайындау жұмыстары қарқынды жүргізілуде

0 6

Игілік ауылдық округінде қысқы мал азығын дайындау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Игілік өндірістік кооперативі биылғы жылы 2 дана LovaL-904 тракторын лизингке сатып алып, 80 га жүгері, 100га жаңа жоңышқа еккен, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Кооператив минералды тыңайтқыштар пайдаланып мол өнім алып жатыр. Бүгінгі таңда 1-ші орым жоңышқадан 1600 рулон мал азығы дайындалды. Биылғы жылы округ бойынша 529 га жүгері, 300 га бидай, 600га арпа егілді.

Қазіргі таңда 949 га жоңышқаның 1-ші орымы орылып, 3796 тонна шөп жиналды. 445 га табиғи шабындық шабылып, 2354 тонна шөп дайындалды.

Бүгінде шаруақожалықтар 2-ші орымның жоңышқасына техникаларын дайындап отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.