Сөзден-іске: Арубаев уәдесін орындады

0 4

Жамбыл ауданы әкімі мен Гродиково ауылдық округі әкімінің 2020 жылдың қорытындысы бойынша халық алдында есеп беру кездесулері кезінде тұрғындар орталық «Ақжол» көшесіне жаяу жүргіншілерге арналған тратуардың қажеттілігін және кейбір ауылішілік көшелерге асфальт төселсе деген тілегін жеткізген болатын. Аудан әкімі Сәкен Арубаев ұсыныстарды хаттамаға еңгізіп, осы жылы орындауға уәде берген. Бүгінде халыққа берген сол уәделер жүзеге асырылуда.

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында қаражат қарастырылып, 7,3 шақырым жол жегіне тақтай тастар қойыла бастады. Құрылыс жұмыстарын қолға алған «ЕрНурЖан Құрылыс-2010» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілдері тамыз айының соңына дейін бұл игілікті мәресіне жеткізетін көрінеді.

«Сөзден – іске» қағидасын ұстанған аудан басшысы Сәкен Қаланұлы құрылыс басына арнайы барып, жұмыстың аяқ алысын бақылап қайтты.

– Халық қажетіне берілетін мұндай игіліктер кемшіліксіз жасалуы қажет. Сметалық құжаттарында қандай шарттар қарастырылса, мердігер өкілі сол талаптарды бұлжытпай орындауы керек. Дәл мына жүргіншілер жолында кеткен қателік ертең-ақ шеті көтеріліп, тастары ажырайды. Сондықтан сапаға айрықша көңіл бөлінсін, – деген аудан басшысы алдағы уақытта тағы бір қайырылатынын жеткізді.

Бұдан бөлек, жұртшылық тарапынан көтерілген көшелерге асфальт төсеу жұмыстары алдағы күндері басталатынын округ әкімі Болат Қожабеков те тілге тиек етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.