Айшабибілік жамағат мешіт асханасын салды

0 6

Айшабибі ауылдық округінде ауыл тұрғындарының демеушілігімен Айшабибі мешітінің жанынан асхана ашылды, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Асхана 150 адамға бір мезетте қызмет көрсете алады. Ыдыс аяқ, асхана құралдарымен қамтамасыз етілген.

Ашылу салтанатына Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев қатысып, жамағаттың сауапты ісін алға тартып, ізгі тілегін білдірді.

Сондай-ақ таразыда салмағы мол амалға мұрындық болған айшабибіліктердің қуанышына ауданның бас имамы Ғарифулла Қуанышбекұлы, округ әкімі Дәрмен Рысбайұлы, ауыл имамы Қатарбай Бәйімбетұлы қатысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.