Талас ауданында күніне 200 адам екпе қабылдайды

0 0

​Әлем халқын сарсаңға салған тәжтажалдың өршуі белең алып, қауіпті індеттің жаңа түрлері пайда болып жатқаны баршамызға мәлім. «Сақтықта қорлық жоқ» екенін жіті түсінетін Талас ауданының тұрғындары белсенді түрде вакцина салдыруда. Ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін аянбай еңбек етіп жүрген 11 бригада күнделікті 200 адамға екпе салады, — деп хабарлайды “ZhambylNews” AA.

Бүгінгі таңда вакцинаның бірінші компонентін 9338 адам, екінші компонентін 4497 адам алып үлгерген. Талас жұртшылығы вакцинаның жаңа дозаларынан тапшылық көріп отырған жоқ. Әр аптада аудандық орталық ауруханаға екпенің жаңа дозалары түсіп отырады.

Сонымен қатар, аудандық орталық ауруханаға қарасты жылжымалы екпе егу пункті әр күні белгіленген кестеге сәйкес мекемелер мен адамдар көп шоғырланған қоғамдық орындарда ниет білдірген азаматтарды қабылдап, вакцинация жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда жылжымалы екпе егу пунктінде 1 дәрігер, 2 медбике тұрақты түрде қызмет көрсетуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.