Республикалық байқаудың жеңімпазы! Дәстүрлі әнші Ербосын Қасымбек жайлы бірер сөз

0 10

Конкурста Қазақстанның қалалары мен облыстарынан және Қытай Халық Республикасынан жалпы 30 өнерпаз өнер көрсетті. Жамбылдық Ербосын Қасымбектің алшысы биыл оңынан түсті.

Шырқа даусым конкурсының 1 орнын иеленген Ербосын Қасымбек Шу аудандық мәдениет үйінің беделді өнер иесі.

2012-2013 Жамбыл облысының «Үздік мәдениет қызметкері»  титулы, 2016 жылы «Шалқар термесі»Республикалық байқаудың «Лауреат» төсбелгісі, 2018 жыл «Аймақты әнмен тербетіп» атты Республикалық дәстүрлі ән конкурсының 1-орын жүлдегері, 2019 жылы Атырау облысында өткен Ф.Оңғарсынованың 80 жылдығына орай өткен Республикалық эстрадалық әншілер конкурсының 3-орын лауреаты, 2019 жылы Аудан әкімінің «Жылдың үздік жас термешісі»номинациясы марапаты, 2020 жылы «Алтын кітап»Қ.Р.Білім,ғылым,мәдениет,өнер, тәрбие, әлеумет тану, экономика, қызмет көрсету саласындағы үздік қызметкерлердің «Таңдаулы тұлға» Республикалық энциклопедиясына енгені үшін,кәсіби саласында жеткен жетістіктері мен үздік қызметі үшін «Үздік жас маман»төсбелгісі марапаты, 16.03.2020 жылы Қоғамдық марапаттар жөніндегі Республикалық  кеңестің «Қазақ мәдениетінің қайраткері» төсбелгісі. Республикалық «Абырой» авторлық қоғамының мүшесі. Осы авторлық қоғамда тіркелген 5-6 дәстүрлі әннің авторы.

Ол 1989 жылы 29 мамырда дүниеге келген. Білімі жоғары. Ұстазы — Тұрсынғазы Рахимов. Өнер саласындағы еңбек өтілі 10 жыл. Үйленген, үш қызы бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.