Тұрар Рысқұлов ауданында дәрігерлер үйден қызмет көрсету іс-шараларын күшейткен

0 0

Т.Рысқұлов ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мәліметі бойынша ауданда 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 19 шілде аралығында коронавирустық инфекциямен ауырғандар саны 310-ға жеткен. Коронавирус жұқпалы ауруының алдын-алу және таралмау іс-шараларын ұйымдастыру мақсатында науқастарды топтастырмау үшін аурухана мамандары үйден қызмет көрсету іс-шараларын күшейтіп отыр.

Аудандық аурухананың мәліметіне сүйенсек ауру өсімінің себебі — тұрғындар арасында сақтық шараларын сақтамау, қатерлі топтағы адамдардың отбасылық іс шараларға қатысуы.

Аудан тұрғындара барлығы 42506 парақша дайындалып, таратылып берілді. Ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу үшін 3 санитарлық ақпараттандыру бекеттері (Құлан-2, Луговая-1) жасақталған.
Жедел респираторлы инфекциямен және коронавирусты жұқпалы ауруының симптомсыз түрімен ауырған науқастарды бақылау мақсатында аудан емдеу мекемелерінде 20 шілдеден бастап 12 мобильді топ құрылып, елді мекендерде 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 6556 медициналық көмек үйден көрсетілген.

Сонымен қатар, ауруханада 300 төсектік жұқпалы аурулар стационарында бүгінгі күнге 164 науқас ем қабылдауда, оның 4-і реанимация бөлімінде. 1 қаңтар — 19 шілде аралығында 438 ауру емделіп шыққан.

Ауданда пневмония ауруынан қайтыс болған 1 жағдай тіркелді. 2021 жылдың 2 шілдесінен бастап бұрынғы туберкулезге қарсы диспансерге КВИ емдейтін жұқпалы аурулар стационарына көшіріліп, осы мерзімнен бастап ауданаралық стационар ретінде Меркі ауданынан аурулар қабылдана бастаған. 02.07.-19.07.2021жылы аралығында 54 науқас қабылданған.
Бүгінгі таңда адамдарды вакцинациялау пандемияны жеңуге және карантинсіз қалыпты өмір салтына оралуға мүмкіндік береді. Ол үшін әр адам карантин талаптарын қатаң сақтау қажет.

Leave A Reply

Your email address will not be published.