Т.Рысқұлов ауданында мониторингтік топ кәсіпкерлік нысандарға рейд жүргізді

0 3

Жамбыл облысының «қызыл аймаққа» өтуіне және облыстық Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына байланысты Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі жанынан құрылған мониторингтік топтар Құлан және Луговой ауылдарында орналасқан тойханалар мен ресторандарға зерделеу жұмыстарын жүргізді, — деп жазады “Zhambylnews” AA.

Аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев және аудан әкімдігінің өнеркәсіп және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Сақтасын Тастановтың жетекшілігімен құрылған мобильдік топтар ауылдық округ әкімдерімен біріге отырып аудан аумағындағы шектеу шаралары мен санитарлық нормалардың сақталуын бақылау бойынша жұмысын жалғастыруда. Басты мақсаты – коронавирус инфекциясының одан ары таралуын болдырмау үшін санитарлық-эпидемиялық талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету.


Аудан аумағындағы кәсіпкерлік нысандарының санитарлық нормаларды сақтауына мониторинг жүргізу барысында барлық 13 нысан тексеріліп, 1 нысанда
алдын-ала анықтау бойынша адамдар жиналмай тұрып, жиын тарқатылды.

Өңірде коронавирустық инфекцияның қайта өршігенін және ахуалдың нашарлағанын хабарлай отырып, аудан тұрғындарынан эпидемияға қарсы талаптарды, Т.Рысқұлов әкімдігі кәсіпкерлік субъектілерінен меншік формасына қарамастан, аудан тұрғындары мен қонақтарынан санитарлық-эпидемиялық қауіпсіздік шараларын бұзбауды өтініп сұрайды. Сондай-ақ, әлеуметтік жауапкершілік танытып, екпе алуға шақырады.

Ал еліміздегі пандемиялық жағдайға байланысты тұрғындарды COVID-19-ға  қарсы сақтық шараларын сақтау және екпе алуға шақыру мақсатында мониторингтік топ мүшелері алдағы уақытта да түсіндірме жұмыстарын жалғастыратын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.