Сарысу ауданының әкімі емделушілермен кездесті

0 0

Халыққа көрсетілетін медициналық қызмет мінсіз болуы керек. Бұл ретте ақ халатты абзал жандарға артылатын жауапкершілік жоғары. «Аурудың емі – саудың сәлемі» демекші, бүгін аудан әкімі М.Сұлтанғалиев аудандық орталық аурухананың инфекциялық аурулар бөлімшесінде емделіп жатқан азаматтармен кездесіп, жағдай сұрасып, дерттеріне шипа тіледі, — деп жазады “Zhambylnews” AA.

Кездесуде соңғы кезде екпеге қатысты түрлі кереғар пікірлер мен алыпқашпа әңгімелер көбейгені растығын айтты. Бірақ Марат Сұлтанғалиев одан ешқандай қорқудың қажеттігі жоқ екендігін, аурудың алдын алу үшін халықты екпе салуға шақырды.

Жалпы алғанда, өңірде  медицина саласында жасалып жатқан тірліктер аз емес. Бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі жандандырып, жетілдіре түсу қажеттігі де мамандармен жүздесуде кеңінен айтылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.