Мойынқұм ауданында ауыл әкімдерін сайлау басталды

0 8

Бүгін таңғы сағат 7:00-ден бастап Мойынқұм ауданындағы 4 ауылдық округтегі 5 сайлау учаскесінде ауыл әкімдерін сайлау басталды, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Ұланбел ауылдық округінде ауыл халқы сайлауға белсенді қатысуда. Ең бірінші болып ауыл ақсақалы Жұматай Қариев дауыс берсе, өз өмірінде алғаш рет дауыс берген 18 жасар Мейіржан Ашемиров белсенділік танытып алғашқылардың бірі болды.

Айта кетейік, аудан бойынша Ұланбел, Қызылтал, Қызылотау, Кеңес ауылдық округтерінде 5 сайлау учаскесі жұмыс жасауда. Дауыс беру кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.