Талас ауданындағы Бостандық, Аққұм, Ойық және Қызыләуіт ауылдық округінде ауыл әкімдерін сайлау басталды, -деп хабарлайды “Zhambylnews” ақпарат агенттігі.
Мұнда саяси партиялар да белсенділік танытуда. Мәселен, Nur Otan партиясы — 3, «Қазақстан халық партиясы» — 3, «Ақ жол» партиясы — 2 үміткерін ұсынса, 4 адам өзін-өзі ұсынды. Орташа бәсекелестік бір орынға 3 адамнан айналып отыр. Жалпы тіркелген 12 кандидаттың оны
ер, екеуі әйел кісі. 11 адам мемлекеттік қызметкер болса, 1 адам мәдениет саласының қызметкері. Жас ерекшеліктері бойынша орташа 39 жасты құрап отыр.
4 ауылдық округ әкімдерінің сайлауына 8 елді мекен бойынша 8669 тұрғының 3802-і сайлау құқығына ие. Күнтізбелік жоспарға сәйкес сайлаушылар тізімі учаскелік сайлау комиссиясының төрағаларына акт бойынша берілді.