Шу ауданындағы Өндіріс, Қорағаты, Жаңақоғам ауылдық округтеріндегі 4 сайлау учаскелерінде ауыл әкімдерін сайлау өтуде, — деп жазады “Zhambylnews” ақпарат агенттігі.
Ауылдық округ әкімдігіне 9 үміткер ұсынылған болатын. Оның тоғызында саяси партиялар ұсынған. Бірақ, «Ауыл» саяси партиясының 1 үміткері сайланудан бас тартқан.
Бүгінгі күнге Жаңақоғам, Қорағаты, Өндіріс ауылдық округтері бойынша 3 846 сайлаушылар қатысады деп жоспарланған. Барлық сайлау учаскелері таңғы 7:00ден бастап сайлаушыларға есіктерін айқара ашты. Бұл, сайлау науқанына 30 адам сенімді өкіл болып тіркелген. 32 адам сайлау комиссия мүшелері болса, оның 29-ы толық вакцинациядан өткен ал, 3-і 1-ші компанентін алып, қосымша ПТР тест өткізген. Қазіргі таңда сайлау жұмыстары қарқынды жалғасуда.