Сарысудағы Жаңаарық және Досбол ауылдық округтерінде ауыл әкімдерін сайлау өтуде

0 4

Бүгін таңғы сағат 07:00-ден бастап Сарысудағы Жаңаарық және Досбол ауылдық округтеріндегі 3 сайлау учаскесінде ауыл әкімдерін сайлау басталды. Аталған округте 1122 сайлаушы бар, — деп хабарлайды «Zhambylnews” ақпарат агенттігі.

Бұл жолғы сайлаудың басты артықшылығы – халықтың тікелей сайлау арқылы жұмыс атқаруға қабылеті толық жететін, өңірдің басты мәселелерін жетік білетін азаматтарды таңдау мүмкіндігіне ие болуы.

Таңнан бастап халық өзінің белгілен учаскесіне келіп өз дауысын беруде. Дауыс беру кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.