Алғаш рет дауыс беріп, таңдау жасадым!

0 6

Бүгін таңғы сағат 07:00- бастап Жуалы ауданындағы 4 ауылдық округтің 13 сайлау учаскесінде ауыл әкімдерінің сайлауы өтуде. Соның бірі Боралдай ауылдық округіне қарасты Көлтоған ауылының тұрғындары сайлауда белсенділік танытуда, — деп жазады “Zhambylnews” ақпарат агенттігі.

— Президенттің тапсырмасымен елімізде ауыл әкімдерінің сайлауы өтіп жатқаны белгілі. Осыған орай бүгін мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде сайлау учаскесіне келіп өз таңдауымды жасадым. Өзім Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылының тұрғынымын. Қазір М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Педагогика» факультетінде оқып жатырмын. Алғаш рет дауыс бергеніме қуаныштымын. Ауыл әкімі ең біріншіден, халыққа жанашыр, ауылдың жер жағдайын жақсы білетін азамат болғаны дұрыс деп санаймын.
Қазір ауылда интернетті жақсарту, ойын-сауық орталықтарын, спорт кешенін салу сынды мәселелер бар. Сайланған әкім аталған мәселелерді шешеді деген үміттеміз! — дейді Көлтоған ауылының тұрғыны Нұрдәулет Мұстаханов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.