Мойынқұм ауданы бойынша 5 сайлау учаскесі жұмыс істеуде

0 7

Мойынқұм ауданы бойынша Кеңес, Қызылтал, Қызылотау, Ұланбел ауылдық округтеріндегі сайлау учаскелері сағат 7:00 бастап өз қызметтеріне кірісті. Бүгінгі таңда 4 ауылдық округ бойынша 5 сайлау учаскесі өз жұмыстарын бастаса, ауыл әкімдігіне 12 кандидат тіркелді, — деп жазады “Zhambylnews” ақпарат агенттігі.

Кеңес ауылдық округінде тұрғындар ауыл әкімдерін сайлауға көптеп келуде. Жалпы Кеңес ауылдық округінде 1046 сайлаушы болса,оның ішінде үйден дауыс беретін сайлаушылар саны — 31. Қызылтал ауылдық округінде сайлаушылар саны — 621, мүмкіндігі шектеулі сайлаушылар саны — 20. Ал, Қызылотау ауылдық округі бойынша 358 сайлаушы болса, жас сайлаушылар саны — 5, үйден дауыс беретін сайлаушылар саны — 27. Сондай-ақ, Ұланбел ауылдық округі бойынша 564 сайлаушы бар, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі сайлаушылар саны-15.

Жалпы аудан бойынша 4 округте сайлауға 2599 сайлаушылар қатысады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.