Ұлжан әже екі рет дауыс берді

0 1

Жамбыл ауданында барлығы 34 сайлау учаскесі болса, бүгін Ерназар, Ақбастау, Аса, Жамбыл, Қаратөбе ауылдық округінде орналасқан 10 сайлау учаскесінде сайлау қызу жүріп жатыр, — деп жазады “Zhambylnews” ақпарат агенттігі.

Кезекті Ақбастау ауылдық округіндегі №170 сайлау учаскесіне барғанымызда сөзіне қол тоқтайтын, данагөй Ұлжан Төлепбергеновамен әңгімелесудің сәті түсті.

Ағынан ақтарыла кеткен әжей сөз арасында екі мәрте дауыс бергенін айтып қалды.

Біз таңырқап:

— Әже, ауыл әкімдерінің сайлауына бір ғана дауыс қабылданады, -дегеніміз мұң екен, езу тартып қайта сөз жалғаған кейуана:

 — Мен бірінші дауысымды мына ауылдың келешегіне қам жейтін, көптің қолдауы бар азаматқа берсем, екіншісі осы таңдауым жаңылдырмаса екен деп Алла тағаладан тілеп, батамен дауыс бердім,- деді.

Расында, бізде ақ жаулықты анамыздың көкірек сарайы алтын екенін ұғындық.

Leave A Reply

Your email address will not be published.