Мойынқұмда 103 жастағы кейуана өз таңдауын жасады

0 2

Мойынқұм ауданы, Кеңес ауылдық округі, Айдарлы ауылының 103 жасар тұрғыны Мырзағалиева Жақсықыз әжеге сайлау комиссиясының мүшелері тасымалдау жәшігін апарып, №306 сайлау учаскесі арқылы даусын қабылдады, — деп хабарлайды “Zhambylnews” AA.

Қос ғасыр көрген әжей елге ынтымақ пен береке тілеп өзінің ақ батасын берді.

— Ауылымызда сайлау өтіп жатыр. Денсаулық көтермейді, учаскеге бара алмасам да үйден өз таңдауымды жасадым. Жеңіп шыққан азамат осы ауылға жанашырлық танытып, жағдайын жақсартуға жұмыс істейді деп сенемін. Заманымыз тыныш, жастар аман болсын! -деді кейуана.

Leave A Reply

Your email address will not be published.