Талас ауданындағы 4 ауылдық округте ауыл әкімдерін сайлау өтіп жатыр

0 4

Талас ауданында Бостандық, Аққұм, Ойық және Қызыләуіт ауылдық округтерінде ауыл әкімдерін сайлау өтіп жатыр, — деп хабарлайды “Zhambylnews” ақпарат агенттігі.

Мұнда саяси партиялар да белсенділігін танытуда. Мәселен, «Nur Otan» партиясынан — 3, «Қазақстан халық партиясынан» — 3, «Ақ жол» партиясынан — 2 үміткер ұсынса, 4 адам өзін-өзі ұсынған. Орташа бәсекелестік бір орынға 3 адамнан айналып отыр. Жалпы тіркелген 12 кандидаттың оны ер, екеуі әйел кісі. 11 адам мемлекеттік қызметкер болса, 1 адам мәдениет саласының қызметкері. Жас ерекшеліктері бойынша орташа 39 жасты құрап отыр.

4 ауылдық округ әкімдерінің сайлауына 8 елді мекен бойынша 8669 тұрғының 3802-сі сайлау құқығына ие.

Leave A Reply

Your email address will not be published.