Талас ауданында 2571 тұрғын дауыс берді

0 3

Талас ауданында ауылдық округ әкімдерінің сайлауда төрт ауылдық округтің тұрғындары өз таңдауларын жасауда.  Қазіргі таңда ауданда 3802 сайлаушыдан 2571 адам дауыс берді, — деп жазады “Zhambylnews” ақпарат агенттігі.

Халық қамын ойлайтын әкімін сайлау үшін келген ауыл азаматтары еліміздегі елеулі реформаны дұрыс деп санайды.

Сонымен қатар, ауа-райының қолайсыздығына және өзге де себептерге байланысты сайлау учаскесінде дауыс бере алмайтындар үйден дауыс беріп жатыр. Ауылдың қазынасы — қарияларымызға және мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға учаскелік сайлау комиссия мүшелері тарапынан үйден дауыс беру жағдайы қарастырылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.