Тұрар Рысқұлов ауданында сайлаушылардың 92,27 пайызы дауыс беріп үлгерген

0 0

Бүгін Елорда уақыты бойынша 20:00-де Қазақстан ауыл әкімдерінің сайлауы аяқталды. Тұрар Рысқұлов аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Тлеповтың мәліметі бойынша сайлаушылардың 92,27 пайызы дауыс беріп үлгерген, — деп хабарлайды “Zhambylnews” АА.

Сайлауда “Nur Otan” партиясынан 32 байқаушы, партия емес байқау орталығынан 32, республикалық «Байтақ болашақ» бірлестігінен 1 байқаушы, аудандық “Құлан таңы” газетінен 1 байқаушы қатысты.

Сайлау барысын қадағалап, сайлау ережелерінің мұқият сақталуын бақылау үшін сайлау өз дәрежесінде, таза әрі әділ өтті деген қорытындыға келді.

Нәтижесінде ауданда 8 ауылдық округтің әкімі сайланып, енді жаңа істер өз кезегін күтіп тұр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.