Ауыл әкімдерін сайлау жоғары деңгейде өтті деп есептеймін

0 2

Мемлекет Басшысы 2020 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында ауыл әкімдерін тікелей сайлау арқылы өткізу қажеттігін айтқан болатын. Сол тапсырма жүзеге асырылып, бүгін 25-ші шілде күні елімізде ауыл әкімдерін сайлауы өтті.

Сайлау деген сөздің өзі демократияға жақындау дегенді білдіреді.

Бүгінде халық өз таңдауын жасауда. Яғни, бұл дегеніміз Президентііміздің халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдасымен сабақтасып жатыр.
Бұған дейін бізде тағайындау болатын, биылдан бастап ауыл әкімдерін сайладық, енді болашақта аудан әкімдерін сайлаймыз деген үміттеміз.

Бұл үрдіс жалғасын табады деп есептеймін. Сайлау Мойынқұм ауданында мерзімі жеткен 4 ауылдық округте өтуде. Олар Кеңес, Қызылтал, Қызылотау, Ұланбел ауылдары.

Сайлаушылар дауыс беру учаскелеріне азаннан бері көптеп келіп, өздерінің азаматтық белсенділігін көрсетті. Ауыл әкімдерін сайлау жоғары деңгейде өтті деп есептеймін.

Бабақұл Қарсыбеков
Қызылтал ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.