Халыққа қазір ауылға жаны ашитын, кез келген істі жүзеге асыратын әкім керек

0 4

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізудің қажеттігін айтқан болатын.

Осы бастама биыл жүзеге асырылып еліміз бойынша ауыл әкімдерін сайлау өтті. Ауыл әкімдерінің сайлауына халықтың тікелей араласуы мемлекет тарапынан ұтымды жасалынған ұсыныс болды деп ойлаймын.

Халыққа қазір ауылға жаны ашитын, кез келген істі жүзеге асыратын, саясатты ұршықша иіре алатын әкім керек. Ондай іскер адамды алыстан іздеудің қажеті жоқ. Туған жеріне жанашыр жанның әр ауылдан табылатынына сенімім мол. Басшы біреу, халқы оған тіреу бола білуі керек.

Ауыл өзіміздікі болғандықтан, оны көркейту жолында тіршілік жасау, болашақты болжау, жастарды еңбекке тәрбиелеп, сапалы білім беру, халықты соңынан ерте білу, бұл шаршамайтын ізденімпаз басшының ғана қолынан келетіні анық. Осы сайлауда дәл осындай әкімдерді сайладық деп ойлаймын.

Еліміздің саяси сахнасындағы елеулі оқиға ауыл әкімдерін сайлау жоғарғы деңгейде өтті.

Мұхан Сартов
Мойынқұм ауданы Көкжелек ауылының қоғамдастық
кеңесінің хатшысы, еңбек ардагері

Leave A Reply

Your email address will not be published.