Мойынқұмда “Ауыл ел бесігі” бағдарламасы аясында 8 жоба қолдау тапқан

0 0

Мойынқұм ауданында “Ауыл ел бесігі” бағдарламасы аясында ағымдағы жылы жалпы сомасы 940 378,0 мың теңгені құрайтын 8 жоба қолдау тапқан. Бұл жобалар спорт, мәдениет және ауылішілік жолдарды орташа жөндеу бойынша жүзеге асырылады, — деп жазады “Zhambylnews” АА.

Атап айтар болсақ, Бірлік ауылында спорттық-сауықтыру кешені құрылысы жүргізілмек. Жобалық құны 322 308,0 мың теңгені құрап отыр. Бұл жоба бойынша мердігер анықталып, келісім-шартқа қол қойылған. Дәл осындай Мойынқұм ауылындағы орталық стадионды қайта жаңғырту жұмысы да кезекте тұр. Жоба құны 204 681,0 мың теңге. Жоба мемлекеттік сатып алу порталына салынып, мердігері анықталған. Сонымен қатар, Жамбыл ауылындағы мәдени клуб күрделі жөндеуден өткізілмек. Жобалық құны 46 759,0 мың теңгені құрап отыр. Жобаның мемлекеттік сатып алу порталынан жеңімпазы анықталды. Алайда, басқа да мердігерлердің шағым келтіруіне байланысты ішкі аудит қызметінің қарауында тұр.

Сондай-ақ, жоба аясында Мыңарал ауылындағы жалпы ұзындығы 5,6 шақырымды құрайтын 2 көшені орташа жөндеу жұмысы да қолдау тапқан. Жалпы құны 118 797,0 мың теңгені құрайтын жоба жеңімпазы анықталып, келісім-шарттар жасалынған. Қазіргі уақытта асфальт жол жабындысының материалдары дайындалуда. Жұмыстар ағымдағы жылдың қараша айында аяқталады деп күтілуде. Дәл осындай, Бірлік ауылындағы жалпы ұзындығы 7,6 шақырымды құрайтын 10 көшені орташа жөндеуден өткізуге арналған 3 жоба қолдау тапқан. Жобалық құны 192 149,0 мың теңгені құрайды. Сондай-ақ, Биназар ауылындағы жалпы ұзындығы 2,0 шақырымды
құрайтын 3 көше орташа жөндеуден өтпек. Жалпы құны 55 684,0 мың теңге. Қазіргі уақытта асфальт жол жабындысының материалдары дайындалуда. Бұл жұмыстар ағымдағы жылдың қараша айында аяқталады деп күтілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.