Мойынқұмда «Нұрлы жер” бағдарламасы аясында 2 жоба жүзеге асырылуда

0 3

Мойынқұм ауданында «Нұрлы жер” бағдарламасы аясында 2 жоба жүзеге асырылуда, — деп хабарлайды “Zhambylnews” ақпарат агенттігі.

Бағдарлама аясында «Қарабөгет-Сарыөзек ауылдарында сумен жабдықтау және су тарату құрылысы» жұмыстары мамыр айында басталған. Қазірде бұл жұмыстар қыркүйек айында аяқталады деп жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта 8,7 шақырым жерге су құбыры желілерінің құрылысы жүргізіліп, 4 су ұңғымаларын қазу жұмыстары аяқталған. Электр желілерінің бағаналарының орнату жұмыстары 90 пайызға орындалды. Қарабөгет ауылында ауыз су ғимаратының құрылысы жүргізілуде. Жоба аяқталған соң жергілікті тұрғындар арасынан 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп күтілуде.

Сондай-ақ, бағдарлама аясында «Мойынқұм ауылы Қажымұқан көшесіндегі 2 пәтерлі 4 тұрғын үйдің құрылысы» жобасы жүзеге асырылатын болады. Жоба құны 118,1 млн. теңгені құрап отыр. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары басталып кеткен. Құрылыс жұмыстары қыркүйек айының ортасында аяқталады деп күтілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.