“Дипломмен ауылға” жобасы аясында Мойынқұмға 70-ке жуық жас маман келген

0 2

Мойынқұм ауданы бойынша жоба аясында ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге келген 44 маманға 12 834,8 мың теңге көтерме жәрдемақы төленсе, 25 маманға 105 763,5 мың теңге тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит рәсімделген, — деп жазады “Zhambylnews” AA.

Оның ішінде көтерме жәрдемақы бойынша: білім беру саласының                      30 маманына 8751,0 мың теңге, денсаулық сақтау саласының 4 маманына     1166,8 мың теңге, агроөнеркәсіптік кешен саласының 6 маманына 1750,2 мың теңге, әлеуметтік қамсыздандыру саласының 2 маманына 583,4 мың теңге,  2 мемлекеттік қызметшіге 583,4 мың теңге төленген.

Бюджеттік кредит бойынша: білім беру саласының 22 маманына                       92 637 мың теңге, денсаулық сақтау саласының 2 маманына 8751,0 мың теңге, агроөнеркәсіптік кешен саласының 1 маманына 4375,5 мың теңге беріліп отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.