“Қарапайым заттар экономикасы”: Мойынқұмда кәсіпкерлер жобаларын ұсынуда

0 1

Ағымдағы жылы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында Мойынқұмда барлығы 10 ауылдық округке 10 жоба әзірлеу жоспарланған. Қазірде кәсіпкерлер өз  жобаларын ұсынуда, — деп жазады “Zhambylnews” ақпарат агенттігі.

Атап айтар болсақ, Мойынқұм ауылдық округі бойынша жылқы шаруашылығын дамыту мақсатында сомасы 45,0 млн. теңгені құрайтын жоба ұсынылған. Жоба ұсынушы «Айдар» шаруа қожалығының иесі Айдар Мұқашев. Қазірде бұл жоба бойынша қаржыландыру күтілуде. Сондай-ақ, Пицца орталығын ашуға 35,0 млн.теңгені құрайтын жоба. Жоба ұсынушы — “Магнит” ЖК Бекболат Уткелбаев. Қазіргі уақытта кепіл шартына сәйкес кәсіпкердің қызметі бойынша жұмысын зерделеу мақсатында банк өкілдерінің келуі және қаржыландыру күтілуде.

Ал, Қарабөгет ауылдық округі бойынша сиыр шаруашылығын дамыту мақсатында 5,0 млн. теңгені құрайтын жоба ұсынылған.  Жоба ұсынушы “Рисов” ШҚ Пернеқұл Рисов. Бағдарлама талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты құжаттары қайтарылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.