Тұрар Рысқұлов ауданынан Аралға 4500 түк шөп жіберілді

0 4

Елімізде қуаңшылыққа байланысты тұңғыш рет төтенше жағдай жарияланып отыр. Т.Рысқұлов ауданына қарасты Жаңатұрмыс ауылының тұрғындары мен еріктілері жіберген 3 вагон шөп Арал ауданының тұрғындарына жеткізілді. Жалпы Тұрар Рысқұлов ауданынан Арал қаласының тұрғындарына 4500 түк жіберілген, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Биылғы жаз еліміздің шаруалары үшін оңай соқпауда. Әсіресе еліміздің батыс, Қызылорда өңірлеріндегі шаруалар қуаңшылықтың зардабын тартуда. Жемшөптің тапшылығы қазақтың ата кәсібіне орасан зор зиян келтіріп отыр. Мал басын аман сақтап қалу үшін оларға жан-жақтан көмек жөнелтілуде.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған бұл игі бастамаға аудан әкімі Ерболат Садырқұлов, ауылдық округ әкімдері де қолдау білдіріп отыр. Соның бірі дәлелі — ауданда бұған дейін де Ақыртөбе және Тереңөзек ауылдық округтерінің еріктілер мен тұрғындары да Аралға қысқы мал азғын жіберген болатын. Бас-аяғы 7 вагон шөп жіберілген.

Аталған ауыл тұрғындарының айтуынша, бірі жиып қойған жоңышқасын, енді бірі шамасы келгеніне қарай көлігі мен қаржылай көмек қолдарын созған. Мұндай бастамаға әсіресе жастар күш-қайратымен қолдау көрсетуде. Еріктілер сығымдалған шөпті егістік басынан автокөліктермен станцияға жеткізу, оны вагондарға тиеу жұмысына білек сыбана кіріскен. Еріктілердің айтуынша бір қазақ қиналғанда, бар қазақ көмектесуі керек. Себебі, қиындықты көп болып жеңеміз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.