Облыс әкімі Шу ауданына жұмыс сапарымен барды

0 1

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Шу ауданына жұмыс сапарымен барды, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Өңір басшысы сапар барысын Ақсу ауылындағы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жомарт Түлек» жобасының жемісі, «Жомарт» жандардың ықпалымен салынған Әшімқұл Тілеужанов атындағы демалыс саябағынан бастады.

Ел игілігі үшін берілген саябаққа тұрғындардың қолдауымен, ауыл халқына танымал, Екінші дүниежүзілік соғысы кезінде Отан үшін от кешкен Ақсу ауылының перзенті болған ІІ-ІІІ дәрежелі «Даңқ» және «Құрмет белгісі» медальдарының иегері Әшімқұл Тілеужановтың есімі берілген болатын.

Айта кету керек, Шу ауданының «Құрметті азаматы», «Ақсу» шаруа қожалығының басшысы Бақытжан Тілеужанов жалпы құны 47 миллион теңгені құраған саябақты түгелдей қоршап, 600-ге жуық қылқан жапырақты ағаштарының бірнеше түрін отырғызған.

Саябаққа көңілі толған облыс басшысы Бердібек Мәшбекұлы Ақсулықтарға ризашылығын білдіріп, сапарын әрі қарай аудандағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысуға бұрды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.