Ақ халатты абзал жандар аман болсын әрқашан!

0 5

Қызылды-жасылды қызығы көңілден кетпес мынау жарық дүниеде адамның бірінші байлығы денсаулық екені даусыз. Басымыз ауырып, балтырымыз сыздай қалса болды осы бір денсаулық сақшыларының көмегіне мұқтаж болып, жанымызға сая іздеп жатамыз.

Ал бүкіл әлем халқының үрейін алып, сан мыңдаған тағдырды жалмаған осынау алапат дерттен әлемді тазарту жолында, халқымыздың денсаулығын сақтау үшін тынымсыз еңбек етіп жүрген барша ақ желеңді абзал жандарға біз де өз алғысымызды жеткіземіз.

Осы орайда Жамбыл ауданының орталық ауруханасы КВ/1 балалар бөлімінің дәрігері Канат Курмановқа алғысымыз шексіз! Анамызды ауруханаға түскен күннен бастап өз емін жүргізіп, анамызды аяғына тұрғызды…

Сіздердей абзал жандар көп болса екен деп тілейміз. Осынау қиын сәттерде еңбектеріңіз адал және қорқынышқа толы екенін көрдік. Медбикелер мен санитар қызметкерлерге де алғысымыз шексіз. Дәрігерлер, сіздерге мың алғыс!

 

Алғыс білдіруші: емделуші Кентаева Күлзина Қонысбаевна және отбасысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.