Жамбыл, Қылышбай, Қарабөгет ауылдарында рейд жұмыстары жүргізілді

0 1

Мойынқұм ауданы әкімінің 2021 жылғы 01 сәуірдегі № 148 өкімімен «Карантин режимін бұзудың алдын алу, оны анықтау, жеке және заңды тұлғаларды жауаптылыққа тарту және карантин режимі кезінде қызметін жүзеге асыратын нысандарға тексерулер (мониторинг) жүргізетін 4 ші мобилдік топ Жамбыл, Қылышбай, Қарабөгет ауылдарында рейдтік жұмыстар  жүргізді, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

Рейдтік жұмыстар  барысында кәсіпкерлерді Жамбыл облыстық бас санитарлық дәрігерінің 2021 жылдың 31 шілдесіндегі «Жамбыл облысы аумағында карантиндік шектеу шараларын қатаңдату туралы» номері 9 қаулысымен таныстырды.

Сондай-ақ зерделенген 7 кәсіпкерлік нысанның екеуінде санитарлық талаптар сақталмағандығы анықталып, аталған 2 нысанға хаттама толтырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.