Жуалыда тұрғындар үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалануда

0 5

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей қолдауымен өңірде «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» пилоттық жобасы іске асырылуда. Жобаның бірінші бағыты үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану бойынша Ақтөбе ауылдық округінде 68 гектар жері бар 444 аула көкөніс еккен. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 23 гектарға (142 аула) ұлғайған. 

Жуалы ауданы әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Рақымғазы Құниязов Ақтөбе ауылдық округінің экономикалық-әлеуметтік дамуына, әлеуетінің артуына пилоттық жобаның септігі тигенін айтады.

Қазірде «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» пилоттық жобасының бес бағыты бойынша Ақтөбе ауылдық округінің 194 ауыл тұрғындары 579 599 мың теңгеге несиелендірілген.

Кооператив үй іргесіндегі 220 аулаға (жер айдау, тырмалау – 2000 теңге) жерін жырту қызметтері үшін аула иелерімен келісімшартын жасай отырып, 440 000 теңгеге техникамен қызмет көрсеткен.

Үй іргесінен 1317 тонна (199 тонна қызанақ, 920 тонна картоп, 198 тонна қырықабат) өнім жиналған. Жиналған өнімнің 395,1 тоннасы ішкі тұтынуына жұмсалса, 921,9  тоннасы сатылған. Жиналған өнімнің барлығы ауыл тұрғындары өз тараптарынан және кооператив арқылы сатылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.