Президент тапсырмасы: Жамбыл облысындағы басқарма басшысы қызметінен босатылды

0 4

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сай, Жамбыл облысы әкімінің өкімімен басқарма басшысы Қайрат Досаев қызметінен босатылды, — деп жазады “ZhambylNews” AA облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайрат Досаев 2019 жылдың 20 желтоқсанында Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының басшысы – бас мемлекеттік еңбек инспекторы қызметіне тағайындалған болатын.

Ал 2021 жылдың 30 шілдесінде Қ. Досаев 2019 жылдың 20 желтоқсанынан бастап атқарып отырған Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының басшысы – бас мемлекеттік еңбек инспекторы қызметінен босатыла отырып, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тең дәрежелі лауазымына тағайындалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.