Жуалыда ауыл сыртынан 1955 тонна өнім жиналған

0 3

«Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» пилоттық жобасының үшінші бағыты, яғни тұрғындардың ауыл сыртындағы жерін тиімді пайдалануы бойынша Жуалыда ауыл сыртындағы жерге егілген егіс көлемі жоспарға сәйкес 1423 гектар жерге шаруа қожалықтарымен бірігу арқылы 1045 гектар арпа, 50 гектар жүгері, 328 гектар көпжылдық шөп егілген, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

«Атамекен Бастау» АШӨК бір шаруа қожалықтың 143 гектар жерін жыртуға (әр гектарына 14 500 теңгеден) 2073,5 мың теңгеге техникамен қызмет көрсеткен.

Ауыл сыртынан 1955 тонна (1463 тонна арпа, 492 тонна көпжылдық шөп, 250 тонна жүгері) өнім жиналыпты. Жиналған өнімнің барлығы кооператив мүшелеріне және ауыл тұрғындарына саудаланған. Сатылу бағасын айтар болсақ, арпаның келісі 65 теңге, көпжылдық шөп 1 түгіне 450 теңге, жүгері 1175 теңге. Сатылғаны 1086 тонна (836 тонна арпа, 200 тонна көпжылдық шөп, жүгері 50 тонна). 67 590 мың теңгеге өткерілген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.