Жамбыл ауданында қысқы маусымға әзірлік басталды

0 7

«Қыс шанаңды – жаз сайла» демекші, Аса ауылдық округінің әкімі Бауыржан Қалшымбетов қазірден қылышын суреткен қыс мезгіліне округтің дайындық жұмыстарын бастап кетті, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Әрине, тұрғындар, балалар қауіпсіздігі қашан да бірінші орында болуы керек. Қазандықтарды қазірден сайлап алмасақ, суығын қару еткен қыс маусымы жеткенде абдырап, амал таппай қалуымыз мүмкін. Округ әкімі аппаратының мамандарымен бірге зерделеуге шыққан Бауыржан Құттыбайұлы әлеуметтік нысандарда болып, жағдайды өз көзімен көріп қайтты.


– «Сақтансаң – сақтайды», – дана қазақ. Округіме қарасты мектептердің, тұрғын үйлер мен балабақшалардың жылыту қазандықтарын тексеруден өткізіп, кем-кетіктерді реттеу керекпіз. Алда уақыт бар деп жүрсек, кешігіп қалуымыз әбден мүмкін. Сондай-ақ өрттің алдын алу жолдарын, өрт сөндіру құрылғыларының қалыпты жұмысын, газ құбырлары мен пештердің дұрыс іске қосылуын қадағалап жүрміз. Алдағы уақытта барлық әлеуеттік нысанды зерделеуден өткіземіз, – дейді ауыл әкімі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.