Талас ауданының әкімі 6 мәрте қоғамдық қабылдау өткізді

0 1

Талас ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек тұрғындардың талап-тілегі мен мұң-мұқтажын тыңдау мақсатында 6 мәрте қоғамдық қабылдау өткізді. Кездесулерге жалпы саны 297 тұрғын қатысты, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

Қоғамдық қабылдау барысында 47 мәселе көтеріліп, оның 23-іне қабылдау барысында жауап берілсе, 22 сұрақ бақылауға алынып, 2 мәселе тиісті мемлекеттік органға орындауға жіберілді.

Ал көтерілген мәселелерді тақырыпқа қарай жіктер болсақ 8-і жол, 4 ауыз су, 4 көше жарығы, 2 газ тарту, 3 қоғамдық көліктердің тапшылығы, 2 жұмысқа орналасу, 3 қаңғыбас иттерді аулау, 3 ойын алаңдары, 1 интернет желісі туралы болса ,қалған 17-сі жеке сұрақтар бойынша.

Аудан әкімінің қоғамдық қабылдаулары кестеге сәйкес жоспарлы түрде жалғасуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.