Таразда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс оқыту семинары өтті

0 10

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалының ұйымдастыруымен комплаенс офицерлерінің семинары өтті, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

2020 жыл соңына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына квазимемлекеттік және жеке сектор ұйымдарында корпоративтік адалдық стандарттарын сақтауға жауапты жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер институты енгізілді. Бұл норма квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін міндетті түрде, ал бизнестің жеке таңдауы бойынша қолданылады. Осылайша, Жамбыл облысындағы квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жататын барлық мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жауапты комплаенс офицерлер жұмыс жасай бастады.

Сұхбат берген Академия филиалының профессоры Бекмұхан Ахметов, тындаушыларға «Парақорлыққа қарсы менеджмент жүйесінің түсінігі мен негізгі қағидалары. ISO 37001 халықаралық стандартының құрылымы», «ISO 37001 енгізуді жоспарлау», «сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметін енгізу тиімділігі және басты ұсынымдар жүйесі» тақырыптармен мағлұмат бергендігін айтты.

Сонымен қатар, семинар қорытындысымен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды тиімді жүзеге асыру мақсатында Департамент тарапынан үлгілік жұмыс жоспары әзірленіп, барлық қатсушыларға таратылды.

.

Leave A Reply

Your email address will not be published.