«Парасатты қоғам – мемлекет болашағының негізі» турнирінің жеңімпаздары марапатталды

0 3

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, облыс әкімдігінің білім басқармасы мен Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін-пікір» жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, жалпы орта білім беру мекемелерінің 9-11 сынып оқушылары арасында «Парасатты қоғам – мемлекет болашағының негізі» атты өткізілген облыстық пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары марапатталды.

Іс-шараның мақсаты – егеменді еліміздің белсенді білім алушыларының Қазақ мемлекеттілігі, Тәуелсіздік құндылықтары мен Мәңгілік ел идеясы аясындағы парасаттылық туралы ойларын бір арнаға тоғыстыру, құқықтық сауаттылығын арттыру.

Турнир барысында оқушылар қоғамның өзекті мәселелері мен оны шешу жолдары, азаматтық жауапкершілік, парасаттылық, әлеуметтік мәселелер аясында ойларын ортаға салып, тың идеялар ұсынды. Іс-шарада өскелең ұрпақтың бойында парасаттылық мәдениеті, тіл тазалығы, адамгершілік құндылықтары көрініс тауып шыңдалды, турнир барысында жастар ойларымен бөлісіп, тәжірибе алмасты.

Пікірсайыс турнирі нәтижесінде І орынды дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» мектеп-лицейінің «Дегдар» фракциясы, ІІ орынды Шу ауданы Жамбыл атындағы гимназияның «ARLANS» фракциясы, ІІІ орынды Тараз қаласы Төле би атындағы №8 гимназияның «Парасат» фракциясы иеленді. Меркі ауданы №48 орта метептің «НАТО» фракциясы «Үздік талпыныс» номинациясының, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің 4 курс студенті Сәбит Ерзат «Үздік төреші» номинацияларының иегері атанды.

Облыстық пікірсайыс турниріне облыс мектептерінен 11 команда, 22 оқушы қатысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.