Таласта 2025 жылға дейін жоспарланған құрылыс жобалары таныстырылды

0 0

Талас ауданының орталық саябағында аудан әкімі Қанатбек Мәдібектің қатысуымен қалалық кеңес болып өтті, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Кеңес барысында аудан әкімінің орынбасары Қ.Серимов Қаратау қаласындағы 2025 жылға дейін жоспарланған құрылыс жобаларын таныстырды.

2025 жылға дейін 44 көшеге асфальт төсеу, жарық жүргізу жұмыстары жоспарланған.

Сонымен қатар, қаладағы саябақтарды жекеменшікке уақытша жалға беру арқылы жаңарту және көгалдандыру жұмыстары жүргізілмек.

Сондай-ақ, бірқатар тұрғын үйлерді қайта жаңғырту мен балаларға арналған ойын алаңшаларын салу жоспарланып отыр.

Келелі кеңесте қала тұрғындары да маңызды мәселелерге байланысты сұрақтар қойып, бірқатар ұсыныстар тастады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.