Сарысу ауданында түсінік жұмыстары үздіксіз жүргізілуде

0 1

Сарысуда аудан әкімі Марат Сұлтанғалиевтің тікелей бақылауымен түсінік жұмыстары жүргізілуде, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

«Құрметті аудан тұрғындары!

Өңірдің эпидемиологиялық ахуалы күннен күнге күрделеніп, індеттің таралу қарқыны үдеп барады.

Өкінішке орай, соңғы бір тәуліктің ішінде елімізде қаншама жан осы індеттен көз жұмды.

Олар біріміздің аға-бауырымыз, біріміздің апа-қарындасымыз, анамыз.

Осы жағдайды көзбен көре тұра, біріміз түрлі қауесет таратып, елді адастырсақ, көбіміз соған сеніп, вакцинадан бас тартудамыз.

Бұл індетпен әлем күресіп жатыр. Аман қалудың бірден бір жолы — вакцина деп ұйғарды. Ендеше, біз неге вакцинадан бас тартуымыз керек?

Барша аудан тұрғындарын
сақтық шараларды сақтап, той-садақадан бас тартуға және
бұл індеттен аман қалудың бірден бір жолы — вакцина алуға шақырамыз!

Өз өміріңізді және жақындарыңызды сақтап қалу үшін, вакцина алыңыз!» — делінген хабарландыруда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.