Шайданаға газ құбыры тартыла бастады

0 25

Жамбыл ауданында әкім берген уәделер орындалуда. Бұған дейін Шайдана ауылындағы екі көше түгелдей жарықтандырылғанын айтқан болатынбыз. Енді аталған ауылда ауылішілік көшелер қазылып, газ жүйесінің жұмыстары қызу жүруде, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

Еске салсақ, Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаевтың Қарасу ауылдық округі тұрғындарының алдында 2020 жылдың қорытындысы бойынша өткізген есептік кездесуінде Шайдана ауылының ақсақалы Тұрғынбек қажы Оңғарбаев ауылға «көгілдір отын» қажеттігін және Абай, Көпбергенов көшелеріне жарық шамдары орнатылса деген өтініш айтқан болатын.

Сол жиында сөз алған Сәкен Қаланұлы екі көшенің мәселесін хаттамаға еңгізгенін, ауылға осы жылы газ құбыры кіргізілетінін ашып айтқан.

— Бүгін ауылымызда үлкен шаруа атқарылып жатыр. Ең бастысы — кезінде халықтың алдында берілген уәделердің орындалуы. Елдің үкілі үмітін аманат деп қабылдаған аудан басшысына алғысымыз шексіз. Кеше көшемізге техникалар еніп, газ құбырларын орналастырып жатқанда бас киімімізді аспанға лақтырып, қуандық. Қаншама жылдар қатты отынның әуресіне түскен мына біздер үшін бұл үлкен жаңалық, — дейді ауыл тұрғыны Қанат Рәшімбайұлы.

Халық үшін мұндай игіліктің сапалы жүргізілуін, барлық талапқа сай жасалуын Қарасу ауылдық округінің әкімі Самат Селеубаев қолға алса керек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.