Көпбалалы ана алғысын білдірді

0 10

Сарысу ауданы, Жайылма ауылында «Асарлатып үй салу» жобасы аясында  көпбалалы, жалғыз басты ана Мая Баймағанбетоваға жаңадан бес бөлмелі үй салынып жатыр. Мая Баймағанбетова көмек қолын созған азаматтарға алғысын айтуда, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

«Асарлату — ата-бабамыздан келе жатқан игі іс. Бұл елді бірлікке, елдікке, ынтымаққа шақыратын, мұқтаж азаматтарға, аз қамтылған отбасыларға көмек болатын жоба. Қазақ ешқашан жетімін, жалғызын жылатпаған халық.

Өткен жылы Сарысу ауданында «Асарлатып үй салу» жобасы аясында салынған үйдің кілттерін салтанатты түрде тапсырып, үй иелері қуанышқа бөленіп, қоныс тойын тойлаған болатын. Биылғы жылы «Асарлатып үй салу» жобасының екінші кезеңі басталып, ауданның қала және ауылдық округтерде өз жалғасын тапты.

— Жолдасым көзі тірісінде үйдің құрылысын бастаған болатын. Амал қанша, жолдасым жақында өмірден озды. Сөйтіп құрылысы аяқталмай қалды. Ауылдық округ әкімі аппараты қолдау көрсетіп және Әйтеке би атындағы орта мектебінің 2001 жылы бітірген түлектері, ауылдың қолы жомарт азаматтары көмектесіп жатыр. Облыс, аудан, ауыл әкімдеріне және осы үйдің бой көтеруіне атсалысып жатқан ағайындарға, жаны жомарт азаматтарға, еріктілерге аналық алғысымды білдіремін! Ауылымыз күннен-күнге көркейіп, гүлденіп жатыр. Футбол алаңы, балалар ойнайтын алаңшалар ашылды. Ауыл көшелеріне асфальт төселіп, түнгі жарықтар орнатылды. Көгілдір газ құрылысы басталды. Жуырда пайдалануға берілетініне қуанып отырмыз, — деді Мая Баймағанбетова.

Leave A Reply

Your email address will not be published.