Жамбыл ауылдық округiне қарасты Ш. Ниязбеков ауылындағы өткен жылы пайдалануға берілген ұзындығы 66, ені 44 метрді кұрайтын шағын футбол алаңына «Жомарт Түлек» жобасы аясында ауыл азаматтары, мектеп түлектері жарық шамдарын орнатып берді. Енді жастар түнгі уақытта да спортпен шұғылдана алады, — деп жазады “ZhambylNews” AA.
Мектеп түлектері Талғат Тұрлыбай мен Инаят Қырықбаев ауыл жастарының спортпен шұғылдануына қолайлы орта қалыптастыру үшін 2 миллион теңге қаржыға 6 темір бағанаға, қуаттылығы 300 к-Вольттық 12 дана жарық шамдарын орнатқан.